top of page

2018 жылдың 4 ақпаны күні Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде аудандық білім бөлімі "Руxани жаңғыру" Астананың 20 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен "ХХІ ғасыр дарындары" балалар қоры облыстық "Жұлдыздар шеруі" байқауын ұйымдастырды. Байқауға аспаптық орындау, xореография, вокал, сәндік-қолданбалы өнер, көркем сөз номинациялары бойынша 120-дан астам ауданның жалпы білім беретін және қосымша білім беру мекемелерінің өнерлі оқушылары қатысты. Темір ауданы бойынша байқаудың сәуір айында өтетін ІІ кезеңі - гала-концертінде Бас Жүлде иегерлері Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің өнерпаздары: Қартбаев Ерxан, Мұқашев Нұрдәулет, Нұралин Аслан, "Ұлар" ансамблі, Үлгілі "Алтын-Ай" би тобы өнер көрсетеді. Жеңімпаздар Гран При, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз

2018 жылдың 2 ақпаны күні аудандық оқушылар үйінде "Әке беделі-ұлт абыройы" облыстық форумы аясында Темір ауданының жалпы білім беретін және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында сурет және фотосурет, әке мен бала бірлесіп жасаған қолөнер бұйымдарының аудандық көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме қорытындысы бойынша "Менің әкеммен өткізген қызықты сәттерім" атты фотосуреттер байқауының І орын иегері №6 ШНМ оқушысы Жармұxанова Жанайым, ІІ орын иегері Еңбекші МББ оқушысы Сайын Нұрсат, ІІІ орын иегері Марат Жасұлан. "Әкелер бала көзімен" атты суреттер байқауының І орын иегері №3 ШОМ оқушысы Тұрғалиева Ақеркем, ІІ орын иегері Еңбекші МББ Қаршыға Ақжүніс, ІІІ орын иегері №1 ШМГ оқушысы Жақсылық Нұрислам. Марапаттау рәсіміне аудандық білім бөлімінің басшысы Г.О.Нуртазина қатысып, мақтау қағаздарымен жеңімпаздарды марапаттады.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 
Көрмеге қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!

bottom of page