top of page

                                                              Құрметті Түлектер!

 

        «Туған жерге тағзым» акциясын кеңінен насихаттап, түлектерді көптеп  тарту мақсатында Темір аудандық білім бөлімінен ашылған «Түлектер порталына» қош келдіңіздер! 

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының  бастамасымен өңірімізден шыққан елге танымал адамдарды, бизнес-құрылымдардың өкілдерін, кәсіпкерлерді, шаруа және фермерлік қожалық басшыларын, мектеп түлектері мен елді-мекендердің тұрғындарын өңірдің әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосуға тарту мақсатында «Туған жерге тағзым» акциясы басталған болатын.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  НАЗАРБАЕВ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқандай,  «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». Сондықтан, құрметті жерлестер, мектеп түлектері,  акция үшін емес, өзіміз үшін, артымыздан еріп келе жатқан буынның болашағы үшін, ауылымыздың жарқын  келешегі үшін қолымыздан келгенше көмек қолын созайық. 

 

                                                   Бөлім басшысы Нуртазина Гульнар Орынбасаровна

bottom of page